Air Astana Гуанчжоуға жаңа рейсті іске қосады

1914
Фотосурет: pixabay.com/cxh2018

Air Astana Қытайдағы маршруттар желісін Гуанчжоуға жаңа рейспен кеңейтетінін хабарлайды. Жаңа рейстер 2025 жылдың 30 наурызынан бастап іске қосылады, деп хабарлайды DKnews.kz.    

Гуанчжоуға рейстер аптасына үш рет — сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері Airbus A321LR ұшағымен орындалады. Алматыдан 20:50 ұшып, Гуанчжоуға келесі күні сағат 05:45 келіп қонады. Гуанчжоудан рейс 06:50-де ұшып, Алматыға 10:20-де қайтып келеді. Жергілікті уақыт көрсетілген.  

Барып-келу билет құны, салықтар мен алымдармен қоса, эконом-класта 281 385 теңгеден, бизнес-класта — 827 491 теңгеден басталады.

«Қытай — Бейжіңге алғашқы рейс 20 жылдан астам уақыт бұрын іске қосылғаннан бері, бизнес және туристік легінің тұрақты өсуін көрсетіп келе жатқан Air Astana үшін стратегиялық маңызды нарық. Гуанчжоуға жаңа рейстің іске қосылуы Air Astana-ның Қытайдағы маршруттар желісін кеңейту жөніндегі маңызды қадам болып табылады» Air Astana бас атқарушы директоры Питер Фостер 

Гуанчжоу — Қытайдың ең ірі өнеркәсіптік орталығы, әлемдегі жеңіл өнеркәсіп көшбасшысы және тарихы 2000 жылдан астам уақытты қамтитын маңызды экономикалық және мәдени орталығы. Қала Гонконгтан 120 шақырымда солтүстік-батыста орналасқан.  

Қазіргі уақытта Air Astana Алматы мен Астанадан Бейжіңге 7 рейс және Алматыдан Үрімшіге 4 рейс орындайды. Қазақстандықтар Қытайға 30 күнге дейін визасыз саяхаттай алады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -