Ақтауда ұландықтар арасында волейболдан жарыс өтті

2134
Фотосурет: ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» ӨңҚ баспасөз қызметі

Ақтау қаласындағы Ұлттық ұланның 3502 әскери бөлімінде волейболдан “Батыс” өңірлік қолбасшылығының біріншілігі өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Жарысқа Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Орал және Жаңаөзен қалаларынан келген 6 команда құрамындағы 40-қа жуық спортшы қатысты.

Жарыстың ашылу салтанатында сөз алған бөлім командирі майор Бекзат Шакаров бұл спорттық іс-шараның әскери қызметшілер арасындағы ынтымақтастық пен достықты нығайтуға ықпал ететінін атап өтті. Сондай-ақ, ол қатысушыларға сәттілік тілеп, жарыстың әділ әрі тартысты өтетініне сенім білдірді.

Турнир барысы қызыққа толы болды. Командалар шеберліктерін көрсетіп, әрбір ұпай үшін табанды күрес жүргізді. Жанкүйерлер де спортшыларды белсенді қолдап, сайыстың атмосферасын ерекше жандандырды.

Жарыс нәтижесі бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

1-орын – 6656 әскери бөлімі (Ақтау қаласы), 2 - орын – 5548 әскери бөлімі (Жаңаөзен қаласы),  3-орын – 5517 әскери бөлімі (Орал қаласы).

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кубоктар, медальдар және алғыс хаттар табысталды. Турнир әскери қызметшілердің спорттық дайындық деңгейін арттырып, олардың бір-бірімен тәжірибе алмасуына мүмкіндік берді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -