FlyArystan көктем-жаз маусымына әуебилеттер сатылымын бастады

2596
Фотосурет: FlyArystan

Қазақстандық лоукостер FlyArystan 2025 жылдың көктем-жаз маусымына арналған әуебилеттердің сатылымын ашты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Жолаушылар ең тиімді бағамен билеттерді FlyArystan мобильді қосымшасы немесе компанияның www.flyarystan.com ресми сайты арқылы, сонымен қатар барлық басқа қолжетімді сату жүйелері арқылы да сатып ала алады.

Көктем-жаз навигациясы наурыз айының соңынан қазан айының соңына дейін жалғасады. Бұл кезең әуе тасымалдарының ең жоғары маусымы – жаз айларымен тұспа-тұс келеді. Осы уақытта FlyArystan компаниясы тұрақты және танымал бағыттары бойынша рейстердің жиілігін арттырып, маусымдық жаңа бағыттар ашады. Сондай-ақ, рейс мартшруттары еліміздің аумағынан қатар халықаралық бағыттарда да кеңейеді. 

FlyArystan жолаушыларға ең сұранысқа ие бағыттар бойынша қолайлы бағада билеттерді алдын ала сатып алуды ұсынады. Сондай-ақ, әуекомпания мобильді қосымшасы мен ресми сайтында жариялайтын барлық жаңартулар мен маңызды ақпараттардан хабардар болу үшін жолаушыларға соңғы ақпараттарды тұрақты бақылап отыруға кеңс береді.

FlyArystan – Air Astana тобының 100% еншілес компаниясы болып табылатын қазақстандық лоукостер. Компания өз қызметін 2019 жылдың мамыр айында бастады. 2025 жылдың қаңтар айынан бастап FlyArystan жеке сертификатына өтіп, FS коды бойынша дербес әуекомпания ретінде қызметін бастады. FlyArystan Алматы, Астана және Ақтау қалаларында орналасқан базаларынан заманауи Airbus A320 әуе кемелерінде кең ауқымды маршруттық желі бойынша рейстер орындайды. FlyArystan маршруттары ішкі және халықаралық рейстерді, сондай-ақ чартерлік бағыттарды қамтиды. FlyArystan 2023 және 2024 жылдары екі рет Skytrax World Airline Awards бойынша Орталық Азия мен ТМД-ның үздік бюджеттік әуекомпаниясы атанды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -