Қазақстан 163 миллион дәрі-дәрмек қаптамасына маркалау енгізді

2541
Фотосурет: MJ_Prototype/Getty Images

Қазақстанда 2024 жылғы 1 шілдеден бастап дәрілік заттардың  163 млн қаптамасы таңбаланды, деп хабарлайды DKnews.kz.

2024 жылғы 1 шілдеден бастап дәрілік заттардың 163 млн.  қаптамасына, оның ішінде 96,4 млн.импорттық препаратқа, 66,4 млн. қаптама – отандық өндіріске таңбалау кодтары енгізілді.

Бүгінгі таңда 163 млн. таңбаланған дәрі-дәрмек қаптамасының 67,5 млн. қаптамасы айналымға енгізілді. Бұл мәліметтер Бірыңғай таңбалау операторының ақпараттық жүйесінде бақыланады.

Денсаулық сақтау жүйесінің ерекшелігін ескере отырып, ДЗ таңбалануы мен қадағалануы пациентке бағдарланған дәрілік қамтамасыз ету жүйесін құруға, көлеңкелі нарық үлесін төмендетуге, дәрілік қамтамасыз етудің деңгейі мен ашықтығын жаңа деңгейге көтеруге және бюджет қаражатын едәуір үнемдеуге мүмкіндік береді.

Дәрі-дәрмектерді электрондық беру бойынша «Әлеуметтік әмиян» сервисін енгізу шеңберінде пациенттер QR-код арқылы республика бойынша 700-ден астам медициналық ұйым қатысатын 1, 7 млн рецепттің негізінде препараттар алды.

«Әлеуметтік әмиянды» пайдалану азаматтарды амбулаториялық деңгейде тегін дәрілік заттармен қамтамасыз ету саласының қолжетімділігі мен толық ашықтығына жағдай жасайды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -