FlyArystan өз әуе флотының жаңа Airbus A320 Neo ұшағымен толыққанын хабарлайды. Бұл қазақстандық лоукостер әуекомпаниясының 24-ші ұшағы. Әуе кемесі 188 жолаушыға арналған және алдыңғы қатарлы технологияларды, экологиялық тиімділікті және жоғары деңгейдегі жайлылықты үйлестіреді, деп хабарлайды DKnews.kz.
Airbus A320 Neo жаңа буынды қозғалтқыштармен және жетілдірілген аэродинамикамен жабдықталған, бұл жанармай шығынын 20%-ға дейін азайтуға және көмірқышқыл газы қалдықтарын едәуір төмендетуге мүмкіндік береді (статистика өндірушінің ресми сайтында жарияланған). Сондай-ақ, ұшақтың шу деңгейі алдыңғы модельдермен салыстырғанда айтарлықтай төмен.
«Тулуза қаласындағы Airbus компаниясынан су жаңа A320 ұшағын алу және оны қызметімізде пайдалану – бұл FlyArystan компаниясының дамуы үшін маңызды қадам және жоғары сапалы қолжетімді әуе тасымалдарын ұсыну жолындағы мақсатымызды жүзеге асыруда маңызды сәт. Бұл ұшақ бізге жаңа бағыттар ашумен қатар танымал бағыттар бойынша рейстердің жиілігін арттыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ біздің экологиялық жауапкершілік ұстанымдарымызды растайды» FlyArystan президенті Ричард Леджер
Жаңа әуе кемесі «Спика» атауына ие болды. Бұл түнгі аспандағы ең жарқын жұлдыздардың біріне арналып, әуекомпанияның қолжетімді әрі жайлы рейстер әлеміндегі көшбасшылыққа ұмтылысын сипаттайды.
Осы ретте, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап FlyArystan-ның барлық рейстері жаңа FS кодымен (бұған дейінгң KC орнына) орындалады, жаңа код әуекомпанияға Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) тарапынан берілген.