Алматыда жастарды жұмыспен қамтуға арналған бірегей платформа іске қосылады, деп хабарлайды DKnews.kz.
Алматыда жас мамандарды қолдау мақсатында қалалық мансап орталығы ұйымдастырған «Next Generation Leaders» олимпиадасы басталады.
Жоба кадрлық резервті қалыптастыруға және жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендетуге бағытталған. Ол үш кезеңнен тұрады: онлайн тестілеу, кейс-чемпионат және жеке сұхбат. Қатысушылар түйіндеме жазуды және жұмыс берушілермен қарым-қатынас жасауды үйренеді. Жоба қаладағы 15 жоғары оқу орнын қамтып үлгерді.
Олимпиададан кейін түлектердің 70%-дан астамы жұмысқа орналасады деп күтілуде.
«Next Generation Leaders олимпиадасы – бұл жай ғана байқау емес, жастардың әлеуетін ашуға арналған толыққанды платформа.