«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Павлодар қаласындағы 6679 әскери бөлімінің жас сарбаздарына қару табыстау рәсімі өтті. Әскери оркестр сүйемелдеуінде жауынгерлік ту ортаға шығарылған арнайы іс-шарада 160 сарбаз қару алды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Айтулы шараға әскери бөлім офицері, ауған соғысының, әскери бөлім ардагерлері сондай-ақ өзара бірлесіп іс-қимыл жасайтын органдардың өкілдері қатысты.
- Күні кеше семсер сүйіп серт беріп, ант қабылдаған сендер үшін бүгін мерейлі және жауапты сәт. Өйткені, қолдарыңа жауынгерлік қару алдыңдар. Ұлттық ұлан қатарында сендер азаматтардың бостандықтары мен құқықтарын қамтамасыз етіп, ел тыныштығын күзетететін әскер екендіктеріңді түйсінген жөн. Қолдарыңа алған қару тек оқу-жаттығу мақсатында қолдансын деп тілеймін, - дейді әскери бөлім ардагері запастағы майор Сабыр Мусин. Қуаныш Әлібеков.
Енді сарбаздар өздеріне тапсырылған қаруға бір жыл бойы жауапты болады. Отан алдындағы борышын адал атқаруға ант берген жауынгерлер Абай, Алматы, ШҚО облыстарынан және Қарағанды, Семей қалаларынан әскерге шақыртылған. Алдағы уақытта мерзімді әскери қызметшілер Павлодар қаласындағы қылмыстық атқару жүйелерін күзету қызметін атқаратын болады.