Coventry University Kazakhstan студенттер үшін әскери дайындықты іске қосады

2959
Фотосурет: Coventry University Kazakhstan

Астанадағы Британ университетінің тұңғыш кампусы – Coventry University Kazakhstan оқу орны Astana IT University-мен серіктестік аясында, университет студенттері үшін әскери дайындық бағдарламасын іске қосты. Тиісті келісімге қол қойылды, ол шетелдік университетте білім алумен қатар, әскери-кәсіби дағдыларды меңгергісі келетін қазақстандық студенттердің сұранысын толық қамтамасыз етеді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Кафедра бағдарламалары теориялық және практикалық дайындықты қамти отырып, студенттерге запастағы офицер немесе сержант атағын алуға, сондай-ақ, көшбасшылық қасиеттерді, тәртіп пен стратегиялық ойлауды дамытуға мүмкіндік береді.

AITU әскери кафедрасы киберқауіпсіздік, геоақпараттық жүйелер, әскерлерді басқаруды автоматтандыру, пилотсыз ұшу аппараттарын басқару секлді 19 әскери-есептік мамандық бойынша дайындық бағдардамасын ұсынады.

«Қазақстандық студенттерге осындай бірегей мүмкіндік ұсынатынымызды мақтан тұтамыз. Бұл шешім екі ел арасындағы білім беру жүйесін нығайтып қана қоймай, сондай-ақ, жастардың жеке және кәсіби тұрғыда дамуына да барынша ықпал етеді» Astana IT University ректоры Асқар Хикметов 

«Astana IT University мен Coventry University Kazakhstan оқу орнының бұл бастамасы университеттердің уақыт талаптарына сай тиімді шешімдер тауып, студенттердің жан-жақты дамуына жағдай жасай алатынын дәлелдейтін жарқын үлгі болып саналады. Ол жаңа көкжиектерге жол ашып, студенттерге әлемдік деңгейде білім алумен қатар, әскери дайындықтан өту мүмкіндігін береді» Coventry University Kazakhstan президенті Мирас Дәуленов 

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -