Астанада заңсыз алкоголь мен темекі өнімдері тәркіленді: жалпы сомасы шамамен 70 млн теңге

4147
Фотосурет: Астана қаласы бойынша МКД

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті (Департамент) 2024 жылы көлемі 163 мың литрден асатын алкоголь өнімінің заңсыз айналымын анықтады, салынған айыппұлдар сомасы 11 миллион теңгеден асты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Сонымен қатар, есептік кезең ішінде бақылау іс-шаралары барысында құны 68 миллион теңгеден асатын 80 мыңнан  астам қорап темекі өнімдерінің заңсыз сатылымы анықталды.

Құрметті салық төлеушілер, Департамент қала аумағында заңсыз акцизделетін өнімді анықтау үшін үнемі тексерулер жүргізетінін еске саламыз.

Алкогольді, этил спиртін және темекі өнімдерін тиісті сертификаттарсыз және сәйкестік белгілерінсіз, сондай-ақ техникалық регламенттерді сақтамай сатуға тыйым салынатынын атап өткен жөн.

Салықтар туралы толығырақ ақпаратты 1414/3 телефоны арқылы немесе Instagram.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -