Елордалық сарбаздар жауынгерлік қызметке кірісті

2541
Фотосурет: ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінде жақында ғана әскер қатарына қосылып, ант қабылдаған жас сарбаздар алғаш рет жауынгерлік қызметке шықты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бір ай көлемінде жас сарбаз курсынан өткен олар, бөлімнің күн тәртібіне, жаңа ортаға бейімделіп, әскери қызметтің қыр-сырын меңгерді. Әскери Жарғы талаптарын, бас қаланың аудандарын, қызмет атқару ережелерін үйренді. Енді ұландықтар аға буынмен бірлесіп, екі ауысыммен елораданың бес ауданын күзетеді.

Жауынгерлік қызметке аттану шарасы барысында әскери бөлім командирінің міндетін уақытша атқарушы полковник Ержан Әбдіқалықов жауынгерлік қызметтің алғашқы күнімен құттықтап, сарбаздарға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, заңдылық талаптарын қатаң сақтауды және халыққа қалтқысыз қызмет етуді тапсырды. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде қырағы болуға бұйрық берді.

Құқықбұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және жолын кесу міндеттерін уақытылы қамтамасыз етуге, қызмет атқару барысында азаматтармен заңдылықты сақтап, әділеттік танытуға, назарды заңбұзушылықтарды болдырмауға аударамын Ержан Әбдіқалықов
Бас қаламызды және оның тыныс-тіршілігін телеарна, ғаламтордан көруші едік. Енді міне, біте қайнасқан өміріне өзіміз де еніп, қоғаммен және қала жұртшылығымен етене жұмыс істеуге шықтық. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету — біз үшін абыройлы іс, үлкен жауапкершілік. Әрине, іштей сәл қобалжу бар сияқты, дегенмен командирлеріміз бір ай дайындады. Әлі де қызмет барысында, іс жүзінде шыңдала түсеміз. Бастысы — тапсырма орындауға дайынбыз Дейді қатардағы Сұлтанғали Мұхамеджан әсерімен бөлісіп

Қоғам тыныштығы мен қала тәртібінің сақталуында Ұлттық ұлан сарбаздарының рөлі зор. Темірдей тәртіпті сақтайтын жауынгерлер күн-түн демей, ауа райының ерекшеліктеріне қарамастан қызмет етуде.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -