Өткен жылдың қорытындысы бойынша алматылық энергетиктер жақсы өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізді.
Осылайша, «АлЭС» АҚ-ның жалпы электр энергиясын өндіру бойынша көрсеткіші 5 195,9 млн кВтс құрады. Бұл жоспарланған деңгейден 356,4 млн кВтс артық немесе жоспарланған деңгейден 107,4% артық орындалған жұмыс болып табылады.
Биыл Ш.Чокин атындағы Қапшағай СЭС-і үздік көрсеткіштерді көрсетіп отыр. Станция жылдық жоспарды 66%-ға асыра орындады. Еске салайық, 2024 жылғы 11 желтоқсанда сағат 14:00-де «АлЭС» АҚ-да энергетикалық кешеннің жылдық жоспарды орындауы тіркелді. Бұл ретте Ш.Чокин атындағы Қапшағай СЭС-і сол күні 1,23 млрд кВт*сағ.энергия өндірген болатын, бұл жоспардан 59%-ға жоғары. Жалпы алғанда, «жасыл» энергия өндіретін бұл станцияның үлесі «АлЭС» АҚ электр энергиясының жалпы өндірісінің 25%-ын құрады.
Биыл өзінің 90 жылдық мерейтойын атап өткен Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО электр энергиясын өндіруге елеулі үлес қосты. Станция жоспарды 9% асыра орындады. «АлЭС» АҚ-ның тағы бір ескі активі - Каскад СЭС жылдық жоспарды 12% асыра орындады. Яғни, қазақстандық энергетиканың екі «ардагері» жақсы өндірістік көрсеткіштерін көрсетіп отыр. Сондай-ақ, АлЭС-тің екі озық өндірістік активі - Ш.Чокин атындағы Қапшағай СЭС-і мен Каскад СЭС-і алматылықтарға жасыл энергия жеткізе отырып, экологиялық тазалықтың қазіргі заманғы өлшемдеріне сәйкес келетіні де назар аударарлық жайт.
@ Юлия Абазова
«АлЭС» АҚ-ның «жылу берушілері» де жылды жоспарды асыра орындап аяқтады. Жоспар бойынша 5 554,2 мың Гкал «Алматы жылу желілері» ЖШС диспетчерлік тапсырмасына сәйкес, олар тұтынушыларды 5 776,0 мың Гкал жылу энергиясымен қамтамасыз етті. Жылу берудің жылдық деңгейі 104% белгісінде тіркелген.
@ Юлия Абазова
Бұл көрсеткішке ең салмақты үлесті 3,4 млн Гкал көрсеткішімен 2-ЖЭО көрсетті. Жалпы, 2024 жылы алматылық энергия кешенінің барлық станциялары жылумен қамтамасыз ету бойынша жоспарды асыра орындай отырып жұмыс атқарды.