Алматыда ОПГ тергеу аясында 99 дана қару тәркіленді

2651
Фотосурет: Gov

Алматыда полиция ұйымдасқан қылмыстық топ құрудың 10 дерегін тергеп жатыр, деп хабарлайды DKnews.kz.

Алматыда полиция ұйымдасқан қылмыстық топ құрудың 10 дерегін тергеп жатыр.

Оның біреуі – трансұлттық ұйымдасқан топ құру және оған басшылық ету. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының мәліметінше, өткен жылы 22 адамның қылмыстық әрекеті тоқтатылды. Заңсыз айналымнан 99 бірлік атыс қаруы тәркіленді, оның ішінде 18 тапанша, алты автомат, 26 мылтық, жеті винтовка, алты кесілген шолақ мылтық, 35 травматикалық қару, 15 жарылғыш зат, сондай-ақ 1456-дан астам оқ дәрі.

Сонымен қатар ҰҚҚКБ қызметкерлері адам саудасының екі дерегін, сондай-ақ жеңгетайлық пен жезөкшеліктің 25 дерегін тоқтатты.

Фариза Мухаметгали

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -