Жетісу өңірінде 111 млн теңгеге бағаланған жер мемлекетке қайтарылды

2948
Фотосурет: freepik

Прокуратураның шараларымен пайдаланылмаған жер учаскелері мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Жетісу облысының прокуратурасы «Заң және Тәртіп» идеологиясын бекіту аясыңда, пайдаланылмаған жер телімдерін анықтау және қайтару бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде.

Қаратал ауданының жер пайдаланушылары заң талаптарын бұза отырып, ұзақ уақыт бойы 38 жер учаскесін мақсатта пайдаланбаған.

Қаратал ауданы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша жалпы ауданы 26 мың гектар, кадастрлық құны 111 миллион теңге болатын жер мемлекетке қайтарылды.

Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауы шегінде жергілікті атқарушы органдарға адал субъектілерге пайдалануы үшін қайтарылған жерлерді беруге бағытталған.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -