Қаржылық сауаттылыққа жаңа тәсілдер: Сарапшылық кеңес басымдықтарды айқындады

2893
Фотосурет: Gov

Қаржылық сауаттылық жөніндегі сараптамалық кеңестің төрағасы сайланды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Журналист, медиа-менеджер Мира Халина Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (Агенттік) жанындағы Қаржылық сауаттылық жөніндегі сараптамалық кеңестің (Кеңес) төрағасы болып сайланды.Оның кандидатурасына Кеңес мүшелерінің көпшілігі дауыс берді.

Кезекті отырыс барысында Кеңес құрамы жаңа қатысушылар мен, оның ішінде Оқу-ағарту, ішкі істер, мәдениет және ақпарат министрліктерінің, Ұлттық Банктің өкілдерімен, қаржылық консультанттармен және талдаушылармен толықтырылды.

Қатысушылар қаржылық сауаттылықты дамыту бағыттарын талқылады, оның ішінде оқушылар мен студенттерге арналған білім беру жобалары, дәстүрлі БАҚ-ты, сол сияқты цифрлық медианы пайдалана отырып, әр түрлі нысаналы топтар үшін контент қалыптастыру.

Бұдан басқа, Кеңес жергілікті атқарушы органдармен, өндіруші саладағы ірі кәсіпорындарымен бірлесіп, осы бағыттағы жұмыстармен барынша өңірлерді қамтуға тырысады.

Сараптамалық кеңестің басты міндеті – 2025 - 2028 жылдарға арналған қысқа мерзімді перспективада халықтың қаржылық сауаттылық бойынша білімі мен дағдыларын дамытудың жаңа тәсілдерді әзірлеу, іс-шараларға сараптамалық бағалауды қалыптастыру.

Еске сала кетсек, сараптамалық кеңес 2024 жылғы 29 қарашада құрылған еді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -