Зейнетақы активтерін басқарушылар алдыңғы жылғы көрсеткіштен және 2024 жылғы инфляция деңгейінен асатын кіріс қамтамасыз етті enpf.kz сайтында ҚР ҰБ пен ИПБ-лардың зейнетақы активтерін басқару нәтижелері туралы 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша есебі жарияланды, деп хабарлайды DKnews.kz.
2024 жылдың қорытындысы бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушылар: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) алдыңғы жылғы көрсеткіштен де, 2024 жылғы инфляция деңгейінен де (8,6%) едәуір асатын кірістілікті паш етті. Бұл зейнетақы активтерінің тиімді басқарылуы мен экономикалық жағдайларға бейімделу қабілетін көрсетсе керек. Қол жеткізілген көрсеткіштер портфельді инвестициялау мен әртараптандыру стратегиясын ұтымды таңдау нәтижесі.
2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ҚРҰБ пен ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі – 22 736,05 млрд теңге. Осы күнгі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған, ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 22 415 млрд теңге[1] болды. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі – 255,81 млрд теңге.
ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 65,24 млрд теңге.
ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі
Ұлттық Банк, БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы ретінде теңгерімді инвестициялық саясатты ұстанады: валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша қаржы құралдарының сан-алуан түрлеріне инвестициялайды.
2025 жылғы 1 қаңтарға МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 41,57%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 8,84%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 4,28%, ҚРҰБ депозиттері - 3,11%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 1,69%, МҚҰ - 1,27%.
2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 59,79%, АҚШ долларымен – зейнетақы активтері портфелінің 40,21%.
Алынған кірістің құрылымын талдаудан бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша түскен кірістер – 1 570,92 млрд теңге, бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалау – 200,58 млрд теңге, шетел валютасын қайта бағалаудан – 578,42 млрд теңге, сыртқы басқарудағы активтер бойынша – 1 039,72 млрд теңге болды. Басқа кірістер – 5,88 млрд теңге.
Инвестициялық қызметтің нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан 2024 жылы есептелген инвестициялық кірістің мөлшері 3,40 трлн теңге. Салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген БЖЗҚ зейнетақы активтерінің 2024 жылдың басынан бастап 01.01.2025ж. кірістілігі 17,84%, инфляция деңгейі 8,60% көрсетті.
2025 жылғы 1 қаңтардағы ЖМЗЖ инвестициялау бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 78,30%, РЕПО операциялары – 15,70%, ҚРҰБ депозиттері – 5,95%, инвестициялық шоттардағы ақшалай қаражат – 0,04%.
ЖМЗЖ есебінен инвестициялық портфель тек ұлттық валютада номиналданған қаржы құралдарынан тұрады.
2024 жылы ЖМЗЖ есебінен алынған инвестициялық кіріс – 26,83 млрд теңге. ЖМЗЖ бойынша кірістілік – 17,96%.
Естеріңізге сала кетейік, зейнетақы жинақтарының оң нақты (жинақталған инфляциядан асатын) кірістілігі орта және ұзақ мерзімді перспективада қамтамасыз етіледі.
ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында берілген. Сондай-ақ, enpf.kz сайтында ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша портфель құрылымы туралы ақпарат орналастырылды.
Инвестициялық портфельді басқарушылар
ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 65,24 млрд теңгеден асады.
01.01.2025ж. жағдай бойынша "Jusan Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен – 10,73 млрд теңге.
Компанияның негізгі инвестициялары: ҚР ҚМ МБҚ – 29,55%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 22,08%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 15,86%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары - 8,20%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 5,75%, шет мемлекеттердің МБҚ – 5,16%, МҚҰ - 4,31%, РЕПО – 3,18%. Атап кетейік, портфельдің 69,57% теңгемен, 29,04% АҚШ долларымен, 1,39% - басқа валюталарда ұсынылған.
Инвестициялық қызмет нәтижесінде 2024 жылы есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 1,52 млрд теңге болды. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 17,30%.
"Jusan Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.
01.01.2025ж. жағдай бойынша "Halyk Global Markets" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 4,85 млрд теңге болды.
Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 19,62%, "кері РЕПО" (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 18,41%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 16,29%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 13,02%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 12,32%, ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары – 11,63%, Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар – 3,13%.
Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 79,72%, АҚШ долларымен 20,28% тең.
Инвестициялық қызметтің нәтижесінде 2024 жылы есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 702,26 млн теңгеге жетті. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 16,71%.
"Halyk Global Markets" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.
01.01.2025ж. жағдай бойынша "BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері - шамамен 5,51 млрд теңге.
Инвестициялардың негізгі бағыттары: Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 25,06%, ҚР ЕДБ облигациялары – 19,38%, ҚР резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 15,84%, ҚР ҚМ МБҚ – 10,75%, РЕПО – 7,83%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 7,77%, пайлар (ETF индекстеріне) – 5,04%.
Ұлттық валютадағы инвестициялар - портфельдің 82,79%, АҚШ долларымен 17,21%.
Инвестициялық қызметтің нәтижесінде 2024 жылы есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 726,32 млн теңгеге жетті. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 15,21%.
"BCC Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.
01.01.2025ж. жағдай бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 1,91 млрд теңге.
ҚР ҚМ МБҚ-ға активтердің 30,50% инвестицияланды, РЕПО – 16,13%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 11,54%, квазимемлекеттік ұйымдардың облигацияларына – 10,45%, ҚР ЕДБ облигациялары – 9,22%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 8,67%, АҚШ мемлекеттік облигациялары – 5,33%.
Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 77,29%, АҚШ долларында – 21,23%, канадалық долларда - 1,48% инвестицияланды.
Инвестициялық қызмет және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі нәтижесінде 2024 жылы есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 250,93 млн теңгеге жетті. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 17,84%.
"Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.
2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша "Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 42,24 млрд теңгеден асты.
Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялардың сипаты мынадай: ҚР ҚМ МБҚ – 25,89%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 12,89%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 11,69%, Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 10,42%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 10,31%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 8,46%, шет мемлекеттердің МБҚ – 7,12%, "кері РЕПО" (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 4,87%.
Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 64,99%, АҚШ долларында – 35,01% инвестицияланды.
Инвестициялық қызмет нәтижесінде 2024 жылы есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 6,12 млрд теңге болды. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 18,07%.
"Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшылар инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 50%-дан аспайтын бөлігін ең төменгі жеткіліктілік шегін есепке алмастан бере алады. Ал ерікті зейнетақы жинақтары бар салымшыларға оны ИПБ-ға 100% көлемінде беруге болады.
[1] зейнетақы жарналары мен төлемдер шоттарындағы ақшаны есепке алмағанда