ҚР ІІМ Ұлттық ұланы Алматы қаласы білім басқармасының «№ 166 лицей» КММ-мен келісімге қол қойды, оның аясында әскери қызметшілер тәрбие жұмыстары мен патриоттық іс-шараларға белсенді қатысатын болады, деп хабарлайды DKnews.kz.
Бірлескен бастама жастардың бойында өз елі үшін мақтаныш сезімін қалыптастыруға, құқық қорғау саласы қызметінің мәртебесін көтеруге және әскери мансабын дәріптеуге бағытталған.
Жаңа келісім бойынша өткізілген алғашқы іс-шара барысында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының офицерлері лицейдің 9-11 сынып оқушыларымен кездесті. Онда Отанды қорғаудың, әскерде қызмет етудің маңыздылығы мен құқық тәртібі әскерлері қатарында қызмет ету мүмкіндіктері талқыланды. Сондай-ақ оқушыларға ҚР ІІМ Ұлттық ұлан Академиясындағы оқу жүйесі туралы айтылды.
- Мектеп қабырғасынан бастап патриоттық тәрбие берген жөн. Бүгінде басты міндеттердің бірі - мемлекетіміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Біздің болашағымыз - жастардың қолында, - деді 5571 әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Ұлықбек Қараев.
Мұндай ынтымақтастық оқушыларға қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі Ұлттық ұланның рөлін жақсы түсінуге көмектесетін азаматтық-патриоттық тәрбие бағдарламасының бір бөлігіне айналды.