Республикалық Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында балалардағы остеосаркомалар кезінде ірі буындарды эндопротездеу бойынша бірегей күрделі операциялар 2012 жылдан бері жасалады. Остеосаркома – сүйектің сирек кездесетін қатерлі ісігі. Қатерлі дерт көбіне 10 жастан асқан балаларда жиі кездеседі. Ғылыми орталықта 13 жылда 100-ден астам балаға мега-эндопротездеу оталары жасалынды, бұл оталар балалардың аяқ-қолдарын сақтауға ғана мүмкіндік бермей, толыққанды өмір сүруге ықпал етті, деп хабарлайды DKnews.kz.
Қазақстан Республикасында жыл сайын остеосаркомамен шамамен 20-25 жасөспірім ауырады. Барлық остеосаркоманың 50%-дан астамы тізе буынына, 30% иық-буынына жақын орналасады.
Соңғы жылдары сүйек ісіктері кезінде жоғары мөлшерлі химиотерапияны енгізу арқасында басқа органдарға метастазданудың төмендеуі және өміршеңдік артты. Бұл көптеген жағдайларда - 90%-дан астам- зақымданған аяқтарды сақтауға мүмкіндік берді. Яғни, осы аталған патологиясы бар балаларға кейбір асқынған жағдайларды қоспағанда, аяқ-қолдарды іс жүзінде ампутацияламайды.
Остеосаркомамен емдеудің жаңа әдістерін енгізу тиімділіктің әлемдік нәтижелеріне жақындауға мүмкіндік береді.
«Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында балалар мен жасөспірімдердің сүйек саркомасы кезінде эндопротездерді қолдану арқылы аяқ-қолдарды сақтап қалу бойынша ота жасау 2012 жылдан бері жүргізіледі. Орталықтың заманауи модульдік эндопротездерді сатып алу мүмкіндігінің және қарқынды жоғары мөлшерлі химиотерапияны қолданудың арқасында мүшесақтаушы оталарды жасаудың мүмкіндігі артты, сондай-ақ балалардағы остеосаркоманы біріктіріп емдеу нәтижелері де жақсарды. Атап айтатын жайт, онкологиялық эндопротездер ортопедиялық протездерге ұқсас емес, ерекше мегапротездер болып табылады. Қазіргі таңда хирургиялық емдеудің осы түрі остеосаркомаға шалдыққан балалардың 90%-дан астамына жасалынады, ол өз кезегінде баланың әлеуметтік бейімделуі мен оның өмір сүру сапасының жақсаруына мүмкіндік береді» Ауыр да, бірегей күрделі отаны жасайтын онкохирург, ПБХҒО №2 хирургии бөлімінің меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер онколог, онкоортопед Бахрам Жұмадуллаев
Аяқ-қолды сақтай отырып емдеу аяқталғаннан кейін жалпы сауығып кету жағдайлары елімізде 71%-ды құрайды. Бұл нәтиже остеосаркоманы зерттеу жөніндегі халықаралық мультиорталықтар нәтижесінің деректерімен сай келеді.
Соңғы жылдары бойы қысқа кішкентай балаларға жеке дайындалған аз инвазивті ұзартқыш протездерді қолдану арқылы мүшелерді сақтау операциялары енгізілді.
Онкология саласындағы ең күрделі операция тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі негізінде тегін жасалады. Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында аяққа ғана емес, тізе, иық, жамбастың қатерлі ісіктеріне де орган сақтау операциялары орындалады. Бірегей операциялардың нәтижесінде балалардың аяқ-қолдары сақталып қана қоймай, олардың өмір сүру сапасы да жақсарды. Бүгінгі күні олар өздерінің құрбы-құрдастарымен қатар деңгейде мектепке барып, университетте оқып, түрлі қызметте жұмыс істейді. Тіпті, спортпен айналысып, жаттығу залдарына, бассейндерге барып белсенді өмір сүруде. Тіпті тұрмыс құрып 2-3 баланың анасы және әкесі болып жатқан «балаларымыз» бар.
«Осы нәтижелердің бәрі бізге, ең маңыздысы - жаңа емделіп жатқан науқастарға өмірге деген үлкен құлшыныс береді!» Орталық мамандары