«Беркут» арнайы операциясы: 20 кг «Мефедрон» және зертханалық жабдықтар тәркіленді

4202
Фотосурет: Gov

Ағымдағы жылғы 18 қаңтарда ҰҚК Павлодар облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен және ІІМ-нің «Бүркіт» арнайы бөлімшесін қатыстырумен Павлодар қаласында есірткі зертханасын жою бойынша операцияны іске асырды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Психотроптық заттарды дайындау кезінде Қазақстан азаматын ұстап, соттың санкциясымен қамауға алды.

Тінту барысында 20 килограмнан аса «Мефедрон» есірткі заты, сондай-ақ зертханалық жабдықтар мен 1,5 тоннадан астам прекурсорлар тәркіленген.

Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -