Қазақстан органикалық ауыл шаруашылығында жаңа дәуірді бастайды

3784
Фотосурет: «Атамекен» ҰКП

Бизнес тұрақты болашақ игілігі үшін: «Атамекен» ҰКП, Carlsberg Kazakhstan және Органикалық өнім өндірушілер одағы Қазақстанда органикалық өнім өндірісін дамыту туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды DKnews.kz.

2025 жылдың 27 қаңтарында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Carlsberg Kazakhstan (Карлсберг Қазақстан) және Қазақстанның органикалық өнім өндірушілер одағы органикалық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы маңызды келісімге қол қойды. Қазақстанда органикалық егіншілік пен мал шаруашылығы мәдениетін дамыту саласындағы бірлескен жұмыс қазіргі және болашақ ұрпақтың денсаулығы мен әл-ауқаты үшін қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға көмектеседі.

Серіктестіктің басты назары келесіде:

  • Бірлескен кепілдіктер жүйесінің жұмысы (Participatory Guarantee System, PGS): ашықтыққа және фермерлердің, тұтынушылардың және сарапшылардың кең ауқымын тартуға негізделген органикалық өнімді сертификаттау механизмі.
  • Отандық аграрлық сектордың тұрақты дамуына жәрдемдесу: органикалық өндіріс саласында бизнес үшін қолайлы жағдай жасау, отандық нарыққа және экспортқа арналған органикалық өнім өндіретін фермерлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, отандық ауыл шаруашылығының экологиялық тұрақтылығын нығайту.

Carlsberg Kazakhstan компаниясы, ең ірі халықаралық сыра қайнату компанияларының бірі, өз қызметінде ESG қағидаттарын белсенді насихаттайды. Бизнестің мұндай жобаларға қатысуы қоршаған ортаны қорғауға көмектесіп қана қоймай, сонымен қатар тұрақты даму саласындағы негізгі мәселелерді шешуде жеке меншік сектор мен қоғамның өзара әрекеттестігінің маңыздылығын көрсетеді.

«Біз органикалық өндірісте Қазақстанның  жоғары сапалы өнім шығаруда ғана емес, сонымен қатар ауыл шаруашылығының экологиялық негізін нығайтуда орасан зор әлеуетін көріп отырмыз. Біздің серіктестігіміз — тұрақты даму бизнес пен қоғам үшін басымдыққа айналатын елдің болашағына қосқан үлес» Carlsberg Kazakhstan президенті Вячеслав Мальцев

Келісім фермерлер мен өндірушілер үшін жаңа мүмкіндіктер ашады:

  • PGS көмегімен органикалық өнімді сертификаттауды жеңілдету.
  • Қазақстандық органикалық өнімнің халықаралық нарықтардағы танымалдылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
  • Заманауи экологиялық таза технологияларды енгізу.
  • Экологиялық қауіпсіздікті нығайту және топырақ құнарлығын арттыру.
«Бүгінгі таңда бүкіл әлемде табиғи жағдайда химиялық заттарды қолданбай өндіретін органикалық өнімдерге қатысты тренд танымал болып келе жатыр. Қазақстанның Орталық Азиядағы ең ірі органикалық өнім өндірушісі атанатын бірегей әлеуеті бар. Еліміздің басты артықшылығы — егістік алқаптарында минералды тыңайтқыштар мен пестицидтердің аз қолданатыны. Бұл фактор органикалық ауыл шаруашылығын дамытуға үлкен мүмкіндіктер ашады. Carlsberg Group сияқты ірі трансұлттық компаниялардың қызығушылығы фермерлер үшін жақсы белгі болып табылады және Қазақстанда органикалық ауыл шаруашылығының белсенді дамуын ынталандырады» «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары Ербол Есенеев
«Соңғы жылдары шағын фермерлік шаруашылықтар тарапынан органикалық егіншілікке қызығушылықтың артқанын байқадық. Алайда микробизнес үшін қолжетімсіз сертификаттау құны олар үшін айтарлықтай кедергі болып қала береді. Бұл тұрғыда бүгінгі шараның маңызы ерекше: ол шағын фермерлерге халықаралық сарапшылардан кеңес алуға және өз агроөндірісін сертификаттауға қаржылық қолдау алуға мүмкіндік береді» Қазақстанның органикалық өнім өндірушілер одағының директоры Арсен Керімбеков

Бірлескен жұмыс фермерлерді қолдауға, ауылдық аймақтарды дамытуға және халық арасында органикалық өнімдерді танымал етуге бағытталған. Аталмыш жоба — экологиялық, әлеуметтік және басқару (ESG) стандарттары бизнес пен ауыл шаруашылығының ажырамас бөлігіне айналатын экожүйені құру жолындағы маңызды қадам.

Мұндай бастама Қазақстанның табиғи ресурстарының тұрақты дамуына және сақталуына жәрдемдесу үшін бизнес пен қоғам арасындағы серіктестіктің маңыздылығын көрсетеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -