Токаев То Ламаға Тет мерекесімен құттықтау жолдады

4433
Фотосурет: Аkorda

Президент Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысына құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламды Вьетнам күнтізбесі бойынша Жаңа жыл – Тет мерекесімен құттықтады.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Вьетнамды оңтүстік-шығыс Азиядағы маңызды серіктес ретінде қарастыратынын атап өтіп, екіжақты ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге ерекше мән беретінін жазған.

Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламның жауапты қызметіне табыс, ал оның халқына құт-береке тіледі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -