Қазақстандық әскери дәрігерлер Жапонияда дайындықтан өтті

6138
Фотосурет: Gov

Токиода әскери дәрігерлер практикалық оқыту тренингіне қатысты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстандық мамандар жауынгерлік жарақаттар кезінде зақымданумен жұмыс істейтін хирургтарды оқыту үшін қолданылатын гибридті стимуляторлармен танысты. Практикалық сабақтарда әскери дәрігерлер гибридті тренажер жасау әдістерін бірлесіп пысықтады, оны орнату және пайдалану тәртібін зерделеді.

Сапар аясында Жапонияның өзін-өзі қорғау күштері Орталық госпиталінің басшылығымен екіжақты кездесу өтіп, онда 2025-2027 жылдарға арналған ынтымақтастық жоспары талқыланды.

Енді әскери-далалық хирургия курсы аясында ҚР Қорғаныс министрлігі әскери медицина орталығының базасында әскери хирургтарды оқыту үшін гибридті симуляторларды енгізу мәселесі пысықталуда.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -