Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі ұшулар географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша ұшулар санын арттыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды DKnews.kz.
Осылайша, туризмді дамыту мақсатында биылғы жылдың 20 сәуірінен бастап «Air Astana» әуекомпаниясы Алматы – Мумбай бағыты бойынша Үндістанға рейстер ашады. Рейстер аптасына үш рет Airbus ұшақтарында орындалады. Осылайша, елдер арасындағы жолаушылар рейсі 3 әуе компаниясының 4 әуе бағыты бойынша аптасына 21-ге дейін артады.
Қазіргі уақытта Алматы – Дели (Air Astana және IndiGo әуе компаниялары аптасына 7 рейс орындайды), Алматы – Гоа (SCAT – 2 рейс) және Астана – Гоа (Fly Arystan – 2 рейс) бағыттарында тұрақты әуе қатынасы жүзеге асырылады.
Әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.