Алматыда «One day life» киножобасы басталды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Алматыда Жастар саясаты басқармасы мен қала әкімдігінің қолдауымен «One day life» қысқаметражды фильмдерінің тұсауы кесілді.
Жоба жұмысшы мамандықтарын насихаттап, қиындықтарды жеңіп, жетістікке жеткен адамдардың шынайы оқиғасын баяндайды. Әр фильм көрерменді құрылысшылардан бастап медбикелерге дейін әртүрлі мамандардың бір күнімен таныстырады.
Тұсаукесерге жастар, білім беру және қоғамдық ұйымдардың өкілдері сияқты көптеген көрермен жиналды.
Ұйымдастырушылар бұл жоба жаңа буынға шабыт беріп, еңбектің қоғамдағы маңыздылығын айқындайтынын атап өтті.