2025 жылғы 29 қантар сағат 17:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Ұлытау облысы:
- "Жезқазған-Арқалық-Петропавл" автожолының 37-252 шақырым аралығындағы учаскесі (Сәтбаев қаласынан Қостанай облысының шекарасына дейін).
Қостанай облысы:
- "Жезқазған-Арқалық-Петропавл" автожолының 252-339 шақырым аралығындағы учаскесі (Ұлытау облысының шекарасынан Арқалық қаласына дейін).
Жолды 2025 жылғы 30 қантар сағат 07:00-де ашу жоспарланған.