Тулузадан тікелей: Air Astana кезекті Airbus A320neo ұшағын алды

5302
Фотосурет: t.me/PR_AirAstana

Бүгін Air Astana әуе компаниясының жаңа Airbus A320neo ұшағы Францияның Тулуза қаласындағы өндіруші зауыттан Алматыға жеткізілді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Ұшақ екі класты конфигурацияда жасақталған: 16 бизнес-клас және 132 эконом-клас орны бар.  

Жаңа әуе кемесі Air Astana тобының әуе паркіне қосылған оныншы Airbus A320neo ұшағы болып табылады. Қазіргі уақытта әуекомпаниясының әуе кемелер паркі 58 ұшақтан тұрады, олардың басым бөлігі Airbus ұшақтары.  

Әлемдік авиациядағы қиындықтар мен жаһандық жеткізілім тізбегіндегі іркілістерге қарамастан, Air Astana жетекші өндірушілерден жаңа ұшақтар жеткізу арқылы әуе паркін кеңейтуді сәтті жалғастыруда. Бұл кеңею Air Astana-ның маршруттық желіні дамытуға, операциялық тиімділікті арттыруға және тұрақты өсімді қамтамасыз етуді көздейтін даму стратегиясына сәйкес жүзеге асырылуда.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -