Қазақстанның қай тас жолдарында қозғалыс қайта жанданды?

4158
Фотосурет: QazAvtoJol

Ұлытау, Қарағанды және Қостанай облыстарындағы автожолдарда қозғалыс қалпына келтірілді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Ұлытау облысы

2025 жылғы 30 қаңтарда сағат 07:00-де Ұлытау облысында "Жезқазған-Арқалық-Петропавл" автожолының 37-252 шақырым аралығындағы учаскесі (Сәтбаев қаласынан Қостанай облысының шекарасына дейін) көлік қозғалысы ашылды.

2025 жылғы 30 қаңтарда сағат 08:30-де Ұлытау облысында "Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Шідерті-Павлодар" автожолының 433-750 шақырым аралығындағы учаскеде (Жезқазған қаласынан Жаңаарқа ауылына дейін) көлік қозғалысы ашылды.

2025 жылғы 30 қаңтарда сағат 09:00-де Ұлытау облысында "Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Шідерті-Павлодар" автожолының 433-788 шақырым аралығындағы учаскеде (Жезқазған қаласынан Қарағанды облысының шекарасына дейін ); 

Қостанай облысы

2025 жылғы 30 қаңтарда сағат 07:00-де Қостанай облысында "Жезқазған-Арқалық-Петропавл" автожолының 252-339 шақырым аралығындағы учаскесі (Ұлытау облысының шекарасынан Арқалық қаласына дейін)  көлік қозғалысы ашылды.

Қарағанды облысы

2025 жылғы 30 қаңтарда сағат 09:00-де Қарағанды облысында "Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Шідерті-Павлодар" автожолының 788-906 шақырым аралығындағы учаскеде (Ұлытау облысының шекарасынан Топар ауылына дейін).

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -