Алматыда екі мың SIM-картамен шетелдік азамат ұсталды

4301
Фотосурет: Gov

Шетелдіктен екі мыңға жуық sim-карта тәркіленді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Алматы қаласында ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлінісі жалдамалы пәтерде таяу шет елдердің бірінің азаматын ұстады.

"Үй-жайды тексеру барысында жедел уәкілдер үш sim-box құрылғысын тапты. Олардың әрқайсысында 32 sim-карта слоты болған. Сондай-ақ әртүрлі ұялы байланыс операторларының екі мыңға жуық sim-картасы тәркіленді. Құрылғылардың көмегімен қазақстандықтарға алаяқтық қоңыраулар жасалған. Шетелдік азаматтың біздің елге былтыр желтоқсан айында келіп, алаяқтық әрекеттер жасау үшін аталмыш жабдықтарға қызмет көрсетумен айналысқаны анықталды. Қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды" ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай

Шұғыла Тұрлыбек

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -