Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің антының мәтіні өзгертіледі

Фотосурет: Gov

Мемлекеттік қызметшілердің ант беру мәтіні жетілдіріледі, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде 2024 жылдың жұмыс қорытындысы бойынша өткен алқа отырысында Агенттік төрағасы Дархан Жазықбай мәлімдеді. Ол алдағы уақытта мемлекеттік қызметшілердің ант беру мәтінін жетілдіру бойынша тиісті жұмыстар атқарылатынын атап өтті.

«Мемлекеттік қызметшілердің антқа адал болуы негізгі құндылыққа айналуы тиіс. Әрбір мемлекеттік қызметші ант қабылдағанда адал, әділ және өз міндеттерін мінсіз орындауға уәде береді. Ант қоғам алдындағы жеке міндеттеме мен жауапкершіліктің көрінісі. Ол қоғамға қызмет ету, ел мүдделерін қорғау және жоғары моральдық құндылыққа сәйкес әрекет ету міндетін жүктейді» Дархан Жазықбай

Алқа отырысында мемлекеттік қызмет саласын бақылау жұмысында алдын алу шараларына, азаматтар мен мемлекеттік қызметшілердің құқығын қорғауға баса назар аударылатыны айтылды.

2024 жылы мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың сақталуына байланысты жүргізілген тексеріс нәтижесінде 15 мыңнан аса бұзушылық анықталды. Заңсыз қабылданған 100-ге жуық акті мен шешімнің күші жойылып, 760 азаматтың құқықтары қалпына келтірілді.

Агенттік бастамасымен жазаның бұлтартпаушылық принципін дәйекті түрде жүзеге асыру механизмдері айқындалды. Биылғы жылдан бастап мемлекеттік қызметшілердің басқа мемлекеттік органға ауысуына қарамастан, бұрынғы лауазымда жасаған теріс қылықтар үшін жауаптылықтан босатылмайды.

Дархан Жазықбай бақылау шараларының тек заң бұзушылықтың салдарын анықтаумен шектелмей, оның алдын алуға бағытталуының маңыздылығын айтты. Ол Әдеп жөніндегі комиссия тәртіптік істерді қараумен қатар профилактикалық және талдауға басымдылық берілу қажеттілігіне тоқталып, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың сақталуы бойынша Аппарат басшыларының есебін тыңдау тәжірибесін енгізу керектігін айтты.

Мемлекеттік қызметшілердің жұмыс режимі сақталуын қамтамасыз етудегі Агенттік жүргізген мониторинг шараларының тиімділігі айтылды. Өткен жылы қосымша тынығу сағаттарын беру, тиісті өтемақы төлеу, икемді жұмыс уақыты режимін белгілеу арқылы 3 385 мемлекеттік қызметшілердің құқықтары қорғалды. Аталған жұмыс тәжірибесін ескере отырып, осы саладағы жұмысты жүзеге асыру кезінде ақпараттық жүйелер арқылы қашықтан бақылауды күшейтуді назарға алу қажеттілігі айтылды.

Мемлекеттік қызметшілер арасында заңнамалардың бұзылуын алдын алуда Әдеп жөніндегі уәкілдер институты маңызды рөл атқарады. 2024 жылы Агенттік үйлестіруімен Әдеп жөніндегі уәкілдер 26 мыңнан астам азамат пен мемлекеттік қызметшілерге консультативтік көмек көрсетті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -