Қоғамдық орындарда кальян шегу: Астанада рейдтер өтті

1507
Фотосурет: Gov

Елорданың Есіл ауданында қоғамдық орындарда кальян шегудің алдын алу мақсатында кезекті түнгі рейд жүргізілді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Профилактикалық шараны Астана ауданы әкімдігінің қызметкерлері полиция басқармасымен бірлесіп ұйымдастырды, передает DKnews.kz.

«Екі ойын-сауық мекемесінде заң бұзушылықтар тіркелді. Олардың әрқайсысында заңсыз кальян шегудің бір дерегі анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды», – дейді полиция аға лейтенанты Жұлдыз Михин.

Кальян шегетіндерге ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабы бойынша айыппұл салынды.

Мұндай рейдтер қаланың барлық ауданында елорда тұрғындары мен қонақтары арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

Айта кетейік, қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салуды енгізу туралы қаулы 2013 жылдың 14 наурызында күшіне енген болатын. Заң бұзғандарға 15 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Қайталап бұзғаны үшін – 20 АЕК. Ал мекеме иелеріне 20-дан 60 АЕК-ке дейін айыппұл салынады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -