Шымкент: әскери ортада құқық бұзушылықтардың алдын алу

1969
Фотосурет: Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Шымкент гарнизонының әскери полиция бөлімі (заң мәселелері бойынша) бастығының орынбасары - анықтау және іздестіру бөлімшесінің бастығы әділет капитаны Дәурен Сейтжанов және ШГ ӘПБ алдын алу бөлімшесінің бастығы әділет майоры Нұрбол Үсенұлы Шымкент қаласының Жастар ресурстық орталығында гарнизонның әскери бөлімдері мен мекемелерінің жеке құрамы үшін профилактикалық кездесу ұйымдастырды, деп хабарлайды DKnews.kz.

ҚР Қарулы күштерінің 2025 жылға арналған «Өмірді сақта» профилактикалық жоспарын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылған кездесуде әскери ұжымдардағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған «Алкоголь, есірткі, құмар ойындар – қылмыс көзі» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараның басты мақсаты әскери қызметшілерде құқықтық тәртіпке жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру, жаман әдеттердің зиянды әсерін түсіндіру, сондай-ақ оңалту және қолдау мүмкіндіктері туралы хабардар ету болды.

Талқылауға ҚР ІІМ ӘТБ Шымкент бөлімінің тергеушісі, ҚР ІІМ полиция басқармасының өкілі, денсаулық сақтау басқармасының психиатр-дәрігері Меруерт Одаман, дін басқармасының теолог-маманы Нұрдәулет Аманкелді, сондай-ақ оңалту орталығының мамандары қатысты.

Жиналғандарға арнаған сөзінде ШГ ӘПБ алдын алу бөлімшесінің бастығы әділет майоры Нұрбол Үсенұлы гарнизонда өткізілетін әскери қылмыстардың алдын алу жөніндегі іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.

Біздің басты міндетіміз - жасалған теріс қылықтар үшін жаза ғана емес, олардың алдын алу. Профилактикалық шаралар, сарапшылармен кездесулер мен консультациялар арқылы біз әскери қызметкерлер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға тырысамыз. Әрбір жауынгердің өз әрекеттерінің салдарын түсінуі және Отан, отбасы мен әріптестері алдындағы жауапкершілікті сезінуі маңызды. Сонымен қатар, біз әскери ұжымдардағы моральдық-психологиялық ахуалды нығайтуға ерекше көңіл бөлеміз. Әскери қызметші кез келген қиын жағдайда қолдау сұрап, көмек ала алатынын білуі керек. Бірлескен күш-жігермен ғана біз алға қойылған міндеттерді тиімді орындай алатын дені сау және тәртіпті әскери қалыптастыра аламыз Әділет майоры Нұрбол Үсенұлы

Сарапшылар алкоголь мен есірткіні қолданудың салдары туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Психиатр-дәрігер Меруерт Одаман нашақорлық адамның психикалық денсаулығына теріс әсер етіп, оның концентрациясының төмендеуіне және ашушаң болуына әкелетінін атап өтті. Маман-теолог Нұрдәулет Аманкелді бұл мәселенің моральдық-этикалық аспектісін атап өтіп, тәуелділіктің адамның рухани жағдайына және оның ортасына қалай әсер ететінін түсіндірді. Оңалту орталығының өкілдері тәуелділікке тап болған адамдарға көмек көрсету мүмкіндіктері, сондай-ақ олардың әлеуметтік бейімделу кезеңдері туралы айтты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -