Елордада қар күреу жұмысы тоқтаусыз, тәулік бойы жүріп жатыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
1 ақпан күні таңертең елордада қар тазалауға 2 600-ден астам жол жұмысшысы мен 1 800-ден астам арнайы техника жұмылдырылды, деп хабарлайды DKnews.kz.
1 ақпанға қараған түні коммуналдық қызметтер қаладан 49 190 текше метрге жуық қарды 3 744 ауыр жүк рейсімен шығарды.
Қыс мезгілі басталғаннан бері қаладан полигондарға 4 млн 570 мың 183 текше метрден астам қар 359 169 ауыр жүк рейсімен шығарылды.
Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.
Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.
Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз.
Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне хабарласыңыз.