ЖИ дәуіріндегі киберқауіпсіздік: Қазақстанның жетістіктері мен амбициялары

1936
Фотосурет: shutterstock.com

Digital Almaty-2025 халықаралық форумы аясында "Жаңа деңгейдегі қорғаныс: киберқауіптер мен қауіпсіздік жүйелерін басқарудағы AI" панельдік сессиясы өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Жетекші сарапшылар ақпараттық қауіпсіздік саласында жасанды интеллектті (AI) қолдану мүмкіндіктерін, жаңа заңнамалық бастамаларды және деректерді қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты талқылады.  

Фотосурет: ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі

Сессия модераторы Халықаралық электр байланысы одағының (БҰҰ ХЭБО) ТМД елдеріне арналған өңірлік бөлімшесінің бағдарламалар үйлестірушісі Фарид Нахли болды.

Мемлекеттік органдардың, бизнестің және сараптамалық қоғамдастықтың өкілдері негізгі баяндамалар жасады. Цифрлық даму министрлігі ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов дербес деректерді қорғаудың жүйелі тәсілдерін, деректердің таралып кету қаупінің алдын алу шараларын және Қазақстанның халықаралық киберкеңістіктегі стратегиясын ұсынды.

Фотосурет: ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі

"Соңғы жылдары біз деректерге қол жеткізуді бақылау сервисі, Bug bounty платформасы, 220-дан астам мемлекеттік жүйелерді ақпаратты қорғау платформасымен интеграциялау секілді бірқатар маңызды бастамаларды енгіздік. Жасанды интеллект осал тұстарды анықтауда, кибершабуылдардың алдын алуда және азаматтарды қорғауда маңызды рөл атқарады" Руслан Әбдіқалықов

Бүгін Қазақстан Халықаралық электр байланысы одағының (БҰҰ ХЭБО) Tier 2 рейтингінде 3-орынға ие болып, киберқауіпсіздікте айтарлықтай жетістікке жетті. Алдағы жылдары ел алдында цифрлық қауіпсіздік саласындағы көшбасшылық позицияларды белгілейтін Tier 1 (Role-modeling) тобына кіру мақсаты тұр. 

Негізгі бастамалардың ішінде Руслан Әбдіқалықов мамандарды даярлауға арналған зиянды кодты зерттеу орталығы мен киберполигонның іске қосылуын, "Киберқалқан-2" бағдарламасын кеңейтуді, eGov-та "СТОП-КРЕДИТ" функциясын енгізуді, дербес деректерді қорғау жөніндегі халықаралық конвенцияларға қосылуды айтты. 

Фотосурет: ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі

Digital Almaty-2025 аясында "Зияткерлік (интеллектуалды) экономика: бұлтты технологиялар және AI Орталық Азиядағы инвестициялар мен инновациялардың қозғаушысы ретінде" тақырыбында ЖИЖ цифрландыру жөніндегі жұмыс тобының панельдік сессиясы өтті.

Ақпараттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Үмітжан Арықбекова Министрлік киберқауіпсіздік пен дербес деректерді қорғау тәсілдерін көрсететін цифрлық кодекс пен жасанды интеллект туралы заң әзірлеп жатқанын хабарлады. АҚ (ақпараттық қауіпсіздік) реттеушісі “ЖИ адамды толықтырады” деген қағиданы ұстанады, ал оны әзірлеушілер мен иелері қауіп-қатерлерді үнемі бақылап отыруы қажет.

Бүгінде Қазақстанда 51 отандық компания жедел ақпараттық қауіпсіздік қызметтерін ұсынады. Бұл нарықтың дамуы шамадан тыс реттеусіз технологиялық сектормен ынтымақтастық саясатымен қамтамасыз етіледі. Бұл ретте мемлекет дербес деректерді, ұлттық мүдделер мен қауіпсіздікті қорғауға қойылатын талаптарды белгілейді.

Фотосурет: ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі

Сессия киберқауіпсіздік саласындағы заманауи сын-қатерлер мен шешімдерді талқылау үшін маңызды алаңға айналды. Мемлекет, бизнес және халықаралық ұйымдардың өкілдері AI кешенді тәсілін, оның қолданылуын пайдалана отырып, Қазақстанның цифрлық кеңістігін сенімді қорғауды қамтамасыз етуге жәрдемдесетініне келісті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -