Қазақстанда ауа райының нашарлауына байланысты жолдар жабылуда, деп хабарлайды DKnews.kz.
2025 жылғы 02 ақпанда сағат 16:00 - де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда көліктің барлық түрлері қозғалысына шектеу қойылады:
Абай облысы:
- "Өскемен-Семей" автожолының 103-198 шақырым аралығы (Семей қаласы-Шығыс Қазақстан облысы шекарасы);
Шығыс Қазақстан облысы:
"Өскемен-Семей" автожолының 10-103 шақырым аралығы (Герасимовка ауылы-Абай облысы шекарасы);
- "Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ" автожолының 1125-1191 шақырым аралығы (Предгорное ауылы бұрылысы-Шемонаиха қаласы);
- "Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ" автожолының 1194 -1212 шақырым аралығы (Шемонаиха қаласы-РФ шекарасы);
2025 жылғы 03 ақпан сағат 06:00-де жолды ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.