FlyArystan Бишкек және Баку қалаларына рейстерге билеттер сату бастады

3234
Фотосурет: FlyArystan

Қазақстандық лоукостер FlyArystan жазғы навигация кезеңінде қолжетімді болатын Астана – Бішкек – Астана и Астана – Баку – Астана рейстеріне әуебилеттер сатылымын ашты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Астана мен Бішкек арасындағы рейстер 1 маусымнан бастап 31 тамызға дейін аптасына екі рет - сейсенбі және жексенбі күндері орындалады. Астанадан Баку бағыты бойынша рейстер 2 маусымнан бастап дүйсенбі және жұма күндері - аптасына екі рет орындалады. 

Бұған дейін әуекомпания 2025 жылғы көктем-жаз навигациясына әуебилеттер сатылымы басталғанын хабарлаған болатын. Қазірдің өзінде жолаушылар FlyArystan мобильді қосымшасы мен www.flyarystan.com ресми сайтынан немесе басқа да сату арналары арқылы Бішкек, Баку және басқа да халықаралық әрі ішкі бағыттарға ең қолайлы бағамен билеттерді сатып ала алады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -