Жетісулық ұландықтар құлап қалған әйелге алғашқы медициналық көмек көрсетті

6776
Фотосурет: ҚР ІІМ Ұлттық ұланы «Оңтүстік»

Талдықорған қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы 5514 әскери бөлімінің сарбаздары қалада қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету кезінде аяғы тайып кетіп, құлап қалған әйелге алғашқы медициналық көмек көрсетті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Оқиға 1 ақпан күні сағат 19.25 шамасында орын алды. Қала тыныштығын қадағалап жүрген әскери жасақ бастығы қатардағы жауынгер Бақытбек Исаев және оның көмекшілері қатардағы Айдын Мәдібек пен Бақытжан Ерман жолда келе жатып құлап қалған әйелді көріп, бірден көмекке асығады. Радиостанция арқылы дереу жасақ кезекшісіне жағдайды баяндап, жедел жәрдем шақыртуын сұрайды. Көмекке асыққан ұландықтар оқиға онына келіп зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетеді. Жедел жәрдем келгенде азаматшаны медицина мамандарына табыстайды.

Біз өзімізге бекітілген ауданды қадағалау барысында Шевченко көшесінің бойында аяғы тайып құлап қалған азаматшаны байқадық. Ойлануға уақыт болмады, көмектесуге тура келді. Оған жүгірдіп барып, алғашқы медициналық көмек көрсеттік. Басындағы жарақатын қажетті медицина заттарымен таңып, ыңғайлы жерге отырғыздық  Бақытбек Исаев 

Ұландық жауынгерлердің жедел әрекетінің арқасында тағы бір адам өмірі құтқарылған болуы әбден мүмкін.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -