Қазақстан Қарулы күштерінің қызметкері Ангелина Лукас «IBA чемпиондар түн» турнирінде өнер көрсетті, деп хабарлайды DKnews.kz.
Турнир Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) қолдауымен Ресей астанасында өтті.

Сегіз раундтық жекпе-жекте Ангелина Лукас үшінші раундтан кейін нигериялық Айисат Ориомидан басым түсті.

Қазақстандық спортшының кәсіби рингтегі есебінде 12 жеңіс болса, ал Айисат Орийомидың бұл алғашқы жеңілісі екенін айта кету керек.