Қазақстанның бірнеше қалаларында өрт-тактикалық жаттығулар өткізілді

2013
Фотосурет: Gov

Бірнеше қалада шұғыл қызметтер мен медициналық бөлімшелер қызметкерлерінің қатысуымен ауқымды өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Жеке құрамның жедел-тактикалық дайындығын шыңдау мақсатында Ақтөбе қаласының сауда үйінде өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Аталған іс-шараға өрт сөндіру бөлімдері, Апаттар медицинасы орталығы, жедел-құтқару жасағының қызметкерлері, сондай-ақ негізгі, арнайы және көмекші техникалар жұмылдырылды. Нәтижесінде кезекші ауысымдардың жеке құрамы шартты тапсырманы кәсіби орындады. Өрт тактикалық оқу-жаттығу аяқталғаннан кейін сауда үйінің өкілдері ТЖ қызметкерлеріне алғысын білдіріп, жеке құрамның атқарған кәсіби іс-қимылдарына оң баға берді.

Атырау қаласында 25 қабатты қонақ үйде  «Көп қабатты биік ғимараттағы өртті сөндіру» тақырыбында өрт тактикалық  оқу-жаттығу өтті.   Оқу-жаттығудың мақсаты – өрт сөндіру бөлімдерінің   көп қабатты биік ғимараттағы орын алған өртті сөндіру кезіндегі жауынгерлік дайындығын пысықтау, келушілерді қауіпсіз көшіруді пысықтау, ғимараттың тактикалық жағдайымен, конструкциялық ерекшеліктерімен танысу болды. Оқу-жаттығу соңында талдау жасалып, барлық қойылған мақсаттар пысықталды. ТЖ басқармасының мамандары қонақ үй қызметкерлеріне өрт қауіпсіздігі талаптарын айтып, алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану жолдарын көрсетті.

Сонымен қатар Қызылорда қаласында көпсалалы облыстық ауруханада оқу-жаттығу өтті, онда өрт кезіндегі іс-қимылдар пысықталды. Оқу-жаттығу барлық қызметтердің шартты өртті сөндіру кезіндегі өзара іс-қимылын жетілдіруге бағытталды. Оқу-жаттығу барысында емдеу мекемесінің аумағында өртті сөндіру бойынша іс-шаралар пысықталды, сондай-ақ әртүрлі бөлімшелер арасындағы үйлестіру механизмдері тексерілді. Қатысушылар төтенше жағдайларда әрекет етуге дайындығын көрсетті. Барлық қойылған міндеттер жоспарға сәйкес сәтті орындалды.

Бұл оқу-жаттығулар шұғыл қызметтердің өзара іс-қимылын жетілдірудегі және төтенше жағдайларды жоюға дайындықты жақсартудағы маңызды қадам болды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -