Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов Әзербайжан Қорғаныс министрінің орынбасары – Бас директор Агиль Гурбанов бастаған шетелдік делегацияны қабылдады, деп хабарлайды DKnews.kz.
Кездесу барысында тараптар қазақ-әзербайжан ынтымақтастығының достық және стратегиялық деңгейін атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша қорғаныс саласындағы ары қарайғы қарым-қатынас бойынша бірқатар келісімдерге қол жеткізілді.