Қазақстандағы жыныстардың теңдігі мәселелері өзекті болып қала береді - Аида Балаева

1969
Фотосурет: Gov

Бүгін, 4 ақпанда ҚР Мәдениет және ақпарат министрі, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасы Аида Балаева «Талдау мектебі» жобасының IV легінің қатысушыларымен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Аида Балаева министрлік пен Ұлттық комиссияның гендерлік теңдікті қамтамасыз етуге бағытталған бастамалары мен жобалары туралы кеңінен айтып берді.

Министр оң өзгерістерге қарамастан, гендерлік теңдік мәселелері өзекті болып қала беретінін, оларды кешенді түрде қарастыру қажет екенін атап өтті.

Іс-шара сұрақ-жауап форматында өтті. Қатысушылар министрден Мемлекет басшысы алға қойған мақсаттарды орындау үшін әйелдердің басшылық лауазымдардағы үлесін арттыру, еңбекақыдағы гендерлік алшақтықты жою мәселесі бойынша бірқатар сұрақтар қойды. Сонымен қатар көпшілік министрдің жеке тәжірибесі мен кәсіби қалыптасу жолы туралы да сұрады.

«Ең бастысы – өз ісіңді сүю. Еңбекқорлық пен жауапкершілік міндетті түрде өз нәтижесін береді», – деп жауап берді. Аида Балаева басшылық лауазымдарға тағайындау кезінде негізгі фактор кандидаттардың кәсіби біліктілігі болуы керек екенін атап өтті.

Министр әйелдердің мансаптық өсуіне тең мүмкіндіктері болуы керегін, ешқандай кедергілер мен стереотиптерге жол берілмеуі тиіс екенін және осындай жағдай жасау – басты міндеттердің бірі екенін атап өтті.

Кездесу соңында министр қатысушылардың белсенділігі мен конструктивті сұрақтары үшін алғыс айтып, көтерілген мәселелердің ескерілетінін және алдағы жұмыста қолданылатынын айтты.

«Талдау мектебі» – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қолдауымен іске асырылатын қоғамдық жоба. Мектеп мемлекеттік басқару, ғылыми-сараптамалық қоғамдастық, азаматтық сектор мен БАҚ қызметіндегі талдамалық тәсілдердің сапасын арттыру ісіне үлес қосуға бағытталған.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -