Шартты шығарылған тауарлар: 5 ақпанға дейін есеп тапсыруды ұмытпаңыз

1815
Фотосурет: freepik

Мемлекеттік кірістер департаменті импорттық тауарлар бойынша есеп тапсыруды еске салды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кеден заңнамасына сәйкес ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар деп танылатынын хабарлайды, оларға қатысты:

  • осы тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулермен қатар қолданылған кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктер;
  • тыйым салулар мен шектеулерді сақтау Одақ туралы шартқа және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарды шығарғаннан кейін расталуы мүмкін;
  • ДСҰ (Дүниежүзілік сауда ұйымы) мөлшерлемелері қолданылған, яғни Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінде белгіленгенге қарағанда кедендік әкелу баждарының неғұрлым төмен мөлшерлемелері қолданылған болса, шартты түрде шығарылған деп саналады.

Сонымен қатар, шартты түрде шығарылған тауарларды пайдалану бойынша есепті тіркеу есебінде тұрған Мемлекеттік кірістер органына ұсыну міндеттілігі көзделген. Есепті жылына екі рет 5 ақпаннан және 5 тамыздан кешіктірмей электрондық түрде ілеспе хатпен ұсынылуы керек.

Есепті ұсыну тәртібі, оның нысаны мен толтыру қағидалары «Мемлекеттік кірістер органына есеп жүргізудің және есеп берудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 10.04.2020 ж. №374 бұйрығымен бекітілген.

Есепті ұсынбағаны, дұрыс емес есептілік бергені немесе шартты түрде шығарылған тауарлардың есебін жүргізу тәртібін сақтамағаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 539-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделгенін атап өту маңызды.

Мемлекеттік кірістер департаменті барлық мүдделі тұлғаларға есептілікті уақтылы ұсыну қажеттігін еске салады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -