Дубайда жеңіске жеткен қазақстандық спецназ Астанада салтанатты түрде қарсы алынды

27258
Фотосурет: Gov

Астана қаласының халықаралық әуежайында 1–5 ақпан аралығында Дубайда өткен The UAE SWAT Challenge арнайы мақсаттағы бөлімшелердің басты сынағына қатысқан командаларды салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Іс-шараға Мемлекеттік күзет қызметінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қорғаныс министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің және Ұлттық ұланның басшылары қатысты.

Қазақтың қонақжайлылық дәстүрімен ұлттық киімдегі қыздар келгендерді "Шашу" шашып, бауырсақпен қарсы алды.

Жеңімпаздардың құрметіне біріккен оркестр арнайы мақсаттағы бөлімшелердің әнұранына айналған "Рух" және "Сауыт" шығармаларын орындады.

Командаларға қарап арнайы мақсаттағы бөлімшелердің символы – қызыл күрең береттің иегері, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов арнайы мақсаттағы бөлімшелердің даярлық деңгейі жоғары деп атап өтті:

Жарыс барысында көрсеткен тамаша нәтижелер – Қазақстанның барлық арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің жеңісі. Сендер халықаралық аренада еліміздің абыройын асқақтатып, Жоғарғы Бас қолбасшының тапсырмасын сәтті орындадыңдар. Дегенмен жеңіс ешқашан оңайлықпен келмейді. Бұл, ең алдымен, қажырлы еңбектің, үйлесімді іс-әрекеттің және адал қызметтің нәтижесі

Арнайы мақсаттағы бөлімшелер олимпиадасының бірінші күнінен бастап Қазақстан Ішкі істер министрлігінің "Сұңқар" командасы жақсы нәтиже көрсетіп, жарыс финалында екінші орын алды. Сондай-ақ, үздік ондыққа Ұлттық ұлан, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Мемлекеттік күзет қызметі кірді.

Жарысқа Қорғаныс министрлігі Арнайы операциялар күштерінің "Жаубасар" командасы алғаш рет қатысты. Осыған қарамастан, Қарулы күштердің арнайы күштері жақсы нәтиже көрсетіп, 100-ден астам команданың ішінде 22-ші орынға табан тіреді.

Ішкі істер министрлігінің "Томирис" командасы да көпшілікті ерекше таң қалдырды. Полиция қыздары ерлермен иық тіресе жарысып, финалдық кестеде 77-орынға ие болды.

Қазақстандық командалар Дубайдан Қазақстан Қарулы күштері әскери-көліктік авиациясының А-400М ауыр жүк тасымалдайтын ұшағымен келді. Подполковник Асылбек Жұмабаевтың басшылығымен экипаж басқарған ұшақтың бортында бір рейске 130-дан астам әскери қызметші жайлы орналасты. Біріккен Араб Әмірліктерінен Қазақстанның бас қаласына 3000 шақырымнан аса қашықтыққа ұшу бес сағатқа созылды. Бұл жеке құрамды тасымалдау шеңберінде әуе кемесінің шетелге алғашқы дербес ұшуы.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -