Қарағандыда жылумен жабдықтау сапасын жақсарту жалғасуда

2200
Фотосурет: Gov

Өткен жылы Оңтүстік-Шығыстағы жылу қуаттарының тапшылығын жою үшін үшінші жылу құбырының құрылысы аяқталды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Биыл Майқұдықта инвестициялық бағдарлама бойынша Архитектурная көшесіндегі жылу желілерін қайта құру аяқталуы тиіс.

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев монополистерге «Инвестиция орнына тариф» бағдарламасы бойынша тұтынушылар алдында есеп беруді тапсырды. Тарифті қалыптастыруға қандай жайттар әсер ететіні туралы «Теплотранзит Караганды» компаниясы хабарлады.

Қарағандыда орталық жылу жүйесіне 4690 үй қосылған, олардың жартысына жуығы көп қабатты үйлер. Жылу желілерінің ұзындығы – 448 км. Коммуникациялардың тозуы әлі де жоғары – 71,2%. Бекітілген инвестициялық бағдарлама аясында жаңғырту жүргізілуде. Шаралар жылумен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға, жылу шығындарын азайтуға және жылумен жабдықтау жүйесінің тозуын азайтуға бағытталған.

1 ақпаннан бастап жылумен жабдықтау қызметтеріне жаңа тарифтер күшіне енді. Өзгерістер Табиғи монополияларды реттеу комитеті департаментінің бұйрықтарымен бекітілді.

«Бағаның көтерілуі «Инвестиция орнына тариф» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы инвестициялық бағдарламаны іске асыруға, стратегиялық тауар құнының өзгеруіне (нормативтік шығындар үшін электр энергиясы мен жылу энергиясы), сондай-ақ көрсетілетін қызметтер көлемінің ұлғаюына байланысты», – деп түсіндірді компанияда.

«Теплотранзит Қарағанды» ЖШС қаржы директоры Алданыш Күніспеков осы жылғы жобалар туралы айтып берді.

– Архитектурная көшесіндегі жылу желілерін қайта жаңарту 2023 жылдан бастап жүргізіледі. 1,6 шақырымның 500 метрі қалды. Биыл ол толығымен аяқталуы тиіс. Күтілетін нәтиже – жылумен жабдықтауды жақсарту, жылу желілерінің сенімділігін арттыру, шығындарды азайту, – деп хабарлады ол.

– Сондай-ақ, «Инвестиция орнына тариф» бағдарламасы аясында 28-ші шағын ауданда орамішілік желілер мен сорғы станциясын қайта жаңартуды бастаймыз. Желілердің ұзындығы – 1,37 км. Жоба екі жылдық, 2026 жылға көшеді. Оны іске асыру осы аудандағы жаңа құрылыстарды жылуға қосуға мүмкіндік береді.

«Теплотранзит Қарағанды» ЖШС бас директоры Андрей Ляпуновтың айтуынша, наурыз айының соңында Оңтүстік-Шығыс тұтынушыларын үшінші жылу құбырына қосу жоспарланып отыр.

– Қазір ол тестілік режимде жұмыс істеп тұр. Біз сорғылардың, автоматиканың жұмысын тексереміз, – деді ол. – Жалпы, билікпен бірлесіп қаланы жылумен жабдықтауды жаңғыртуды жалғастырудамыз.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -