Ұландық қызметтік итімен бірге есірткі зертханасын анықтады

2222
Фотосурет: ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Степногорск қаласында ҚР ІІМ Ұлттық ұланының «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 3517 әскери бөлімінің әскери қызметшісі полиция қызметкерлерімен бірлескен патрульдеу барысында жасырын есірткі зертханасын анықтады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қызметтік-жауынгерлік міндетін орындау кезінде ефрейтор Иван Ларионов өзінің Мирадо атты қызметтік итімен бірге тұрғын үйлерді тексерді. Қаладағы пәтерлердің бірін тінту кезінде Мирадо өткір иісті сезгені әскери қызметшінің күмәнін туғызды. Жабық тұрған бөлмені мұқият тексеру барысында оның ішінде тыйым салынған өсімдіктерді өсіруге арналған фитолаборатория жасақталғаны белгілі болды.

Оқиға орнына жедел қызмет өкілдері дереу шақырылып, пәтер иесі ұсталды. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары аталған құқықбұзушылықтың барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу жүргізуде.

Бұл оқиға Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің және олардың қызметтік иттерінің жоғары дайындығы мен кәсіби шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдейді. Олар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде және есірткі қылмысымен күресуде маңызды рөл атқарады. Ефрейтор Ларионов пен оның сенімді серігі Мирадоның қырағылығының арқасында есірткінің заңсыз таралуының алды алынды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -