Қостанай облысында қар құрсауынан 12 адам құтқарылды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Қарасу ауданында қар құрсауында 10 адам мінген үш жеңіл көлік тұрып қалды. Ал Арқалық қаласынан 50 шақырым жерде тағыда 2 адам мінген көлік қарға батып қалған.
ТЖМ құтқарушылары жол талғамайтын Трэкол автокөлігімен оларға жетіп, көліктерді қардан шығарып, құтқарылғандарды жақын маңдағы елді мекенге дейін жеткізді.
Медициналық көмекке мұқтаж болғандар жоқ.
ТЖМ ауа райы туралы ескертуге назар аударуды және ауа райы нашарлаған жағдайда елді мекеннен тысқары шығудан аулақ болуды ұсынады!