ТЖМ қызметкерлері қар құрсауынан 4 адамды құтқарды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Қостанай облысы Қарасу ауылынан 10 шақырым жерде жергілікті маңызы бар автожолда жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып, қозғалысын жалғастыра алмады.
Құтқарушылар өтімділігі жоғары "Трэкол" көлігімен шақырту орнына жедел жетіп, автокөлікті жолдың тазартылған учаскесіне сүйреп шығарды. Медициналық көмекке ешкім мұқтаж болған жоқ.
Төтенше жағдай орын алған жағдайда112 телефонына хабарласыңыз!