Жетісу, Ақтөбе және Қызылорда облыстарында қозғалыс қайта жанданады, деп хабарлайды DKnews.kz.
2025 жылғы 8 ақпан сағат 16:00-де келесі республикалық автожолдарда көлік қозғалысы ашылады:
Ақтөбе облысы
- "РФ шекарасы-Ақтөбе-Қызылорда-Алматы-ҚХР шекарасы" автожолының 776-1240 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе қаласынан Қызылорда облысының шекарасына дейін).
Қызылорда облысы
- "РФ шекарасы-Ақтөбе-Қызылорда-Алматы-ҚХР шекарасы" автожолының 1240-1362 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе облысының шекарасынан
Арал қаласына дейін).
Жетісу облысы
2025 жылғы 8 ақпан сағат 18:30-да Жетісу облысында “Үшарал-Достық-ҚХР шекарасы” автожолының 84-164 шақырым аралығындағы учаскеде (Көктұма стансасы-Достық стансасы) көлік қозғалысы ашылады.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.