Шаңғышы Константин Борцов – Азия ойындарының күміс жүлдегері, деп хабарлайды DKnews.kz.
Азиада финалында үшінші болып келген Константин Борцовқа жүлделерді қайта бөлу нәтижесінде күміс медаль табысталды.
Ерлер арасындағы спринт бойынша марапаттарды қайта бөлу жапондық спортшы Харуки Ямашитаның жарыстан шеттетілуіне байланысты орын алды.