Ұландық шорт-тректен Азия чемпионы атанды

7931
Фотосурет: olympic.kz

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланының спорт командасының мүшесі, еңбек сіңірген спорт шебері Абзал Ажғалиев 2025 жылғы Азия ойындарында шорт-тректен чемпион атанды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстанның ерлер құрамасы – Денис Никиша, Абзал Ажғалиев, Әділ Ғалияхметов, Глеб Ивченко, Мерсаид Жақсыбаев және Айбек Насен  эстафетада алтын медаль жеңіп алып, Жапония мен Қытайдың мықты командаларын артта қалдырды. Фаворит саналған Оңтүстік Корея құрамасы ереже бұзғаны үшін айып алып, жүлдеден тыс қалды.

Харбинде өткен Азия ойындарындағы бұл жеңіс – отандық шорт-трек тарихындағы айтулы жетістік. Қазақстан алғаш рет бұл спорт түрінен Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды.

Фотосурет: Сали Сабиров

Ұлттық ұлан өз спортшысымен мақтанады. Ол көптеген жылдар бойы ел намысын халықаралық аренада абыроймен қорғап келеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -