ҚР Денсаулық сақтау вице – министрі Ержан Нұрлыбаев Ұлытау облысына жұмыс сапары барысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Ұлытау облысының әкімдігі, «Қазақмыс» корпорациясы және «UMC» КҚ арасында ынтымақтастық туралы төрт жақты Меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Меморандум жасасудың мақсаты - әдістемелік және консультациялық медициналық көмекті ұйымдастыру саласындағы ынтымақтастық, тәжірибе алмасу, біліктілікті арттыру курстарында, мастер кластарда және қосымша білім берудің басқа да түрлерінде UMC қызметінің клиникалық бағыттары бойынша Ұлытау облысының денсаулық сақтау мамандарын оқыту болып табылады.
UMC тікелей көмек көрсету үшін Ұлытау саласындағы өз мамандарының (дәрігерлер мен орта медициналық персоналдың) ай сайын 2-ден 4 аптаға дейінгі мерзімге 12 ай бойы тұрақты болуын қамтамасыз етеді.
Олар диагностикада, пациенттерді емдеуде және хирургиялық араласуда практикалық көмек көрсетеді, қажет болған жағдайда UMC клиникаларына жіберіледі. Бұл ретте жергілікті дәрігерлер, орта медициналық персонал республикалық клиника мамандарының мастер кластарда кәсіби деңгейін арттыратын болады.
Ұлытау облысының Денсаулық сақтау басқармасы алған білімдері мен дағдыларын бекіту үшін Ұлытау облысынан Астана қаласындағы «UMC»-ке мамандардың кетуін ұйымдастыруға міндеттеме алды.
«Қазақмыс» корпорациясы меморандум шеңберінде іс-шаралар бойынша шығыстарды қаржыландыруға жәрдемдесетін әлеуметтік жауапты серіктес рөлін атқарады.
Меморандумға ҚР Денсаулық сақтау вице – министрі Е.Ш. Нұрлыбаев, облыс әкімінің орынбасары А. С. Ыдырысов, «Қазақмыс»корпорациясы» ЖШС сенімхатының негізінде «Өркен Ассистанс» ЖШС директоры А. К. Боранбаева, «UMC» ҚҚ директорының медициналық орынбасары В. Х. Алтынова қол қойды.
«UMC» КҚ мамандары мен технологиялық мүмкіндіктерінің жоғары әлеуеті Ұлытау облысының денсаулық сақтау саласын дамытуда қуатты серпін болмақ.
Высокий потенциал специалистов и технологических возможностей КФ «UMC» станет мощным импульсом в развитии здравоохранения области Ұлытау.