Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы 2025 жылдың 10 ақпанынан бастап Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Жеңіс жаңғырығы» челленджінің басталғанын хабарлайды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Музыкалық-поэтикалық челлендж тарихи жадыны сақтауға, ҰОС батырлары мен олардың ерлігін ұлықтауға, жастар мен өскелең ұрпақты тарту арқылы ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтуға, шығармашылық әлеуетті ашып, өз-өзін танытуға ықпал ету, сондай-ақ қатысушыларды жеңіс рухын сезіндіретін заманауи музыка мен поэзия шығаруға шабыттандыруға арналған.
Қатысушылар әскери жылдардағы әндерді шырқағанын, Жеңіс тақырыбына арналған өлеңдерді немесе жеке шығармаларын оқығанын, музыкалық-поэтикалық композициялар ұсынғанын (мәселен, музыка мен өлеңдерді үндестіре орындау) бейнежазбаға түсіріп, Instagram әлеуметтік желісінде жариялауы тиіс. Бейнежазбаны челлендж хэштегтерімен белгілеп, парақшасындағы жазбада белгілеу арқылы эстафетаны достарына жолдауы қажет.
Негізгі хэштегтер: #ҚРПрезиденттікОрталығы #ЖеңісЖаңғырығы
Қосымша хэштегтер: #Жеңіске80Жыл #ЖадыдаҚалғанСаз #ЖеңісӨлеңдері
Челлендж 2025 жылдың 1 мамырына дейін жалғасады. Қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау 2025 жылғы 5 мамырда өтеді.